Аустралияның Квинсленд штатындағы Эр қаласының тас жолында акуланың өлексесі табылды. Brisbane Times агенттігінің хабарлауынша, акуланы осы өңірге ұшырып алып келген Дебби бораны екен.
Мұхитта тіршілік ететін қауіпті жыртқышты тапқан кезде өлі болған. Бірақ құтқарушылар жергілікті тұрғындарға абай болуларын ескертуде. Мұхиттан соққан дауыл құрлыққа түрлі қауіпті тіршілік иелерін ұшырып алып келуі мүмкін.
27 наурыз күні Аустралияның жағалауындағы аралдарды қиратқан Дебби тропикалық циклоны мұхитқа жақын орналасқан Квинсленд штатында да жүріп өткен болатын. Дауыл жылдамдығы сағатына 263 шақырым болатын желмен мұхиттан үлкен циклонмен келген.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр