БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 6 сәуір күні БАҚ-қа берген хабарында, Солтүстік Кореяның жақында баллистикалық зымырандарды ұшыру ісін қатаң айыптап, Қауіпсіздік кеңесінің белгілемесін ауыр дәрежеде бұзғанын сынға алды. Зымыранға қарсы құрлығының Корей түбегінің қауіпсіздігін сақтаудағы маңыздылығын қуаттады. Сонымен бірге Солтүстік Кореяға Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне толық мойынсұнуы керек деген ескертуін жасады. Бұл туралы «Sina.News» хабарлап отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұл мәлімдемесі, Корей түбегіндегі зымыранға қарсы «Сад» жүйесінің орнатылуына жасаған қолдауы деп санауға болады. Ал «Сад» жүйесінің орнатылуына қарсы Солтүстік Корея, Қытай, Ресей үшін бұл шешім ұнай қоймайды. Десе де, Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Шығыс Азиядағы қайшылықты дипломатиялы, бейбіт түрде саяси шешімдер ұсына отырып біржақтылы етуді ұсынды.

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандар мен қуатты ядролық қару сынақтарын кеңейтуі Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ үшін аса қауіпті болары сөзсіз. АҚШ Солтүстік Кореяны бірден бір ядролық соғыс қаупін тудырушы ел деп санайды. Ал Солтүстік Корея АҚШ-ты Корей түбегін бөлшектеуші, Кореяға қарсы сұрқия саясат қолданып отырған мемлекет деп біледі. Екі корей елінің арасындағы жанжалдың арында АҚШ пен Қытай отыр. Трамп таққа отырғалы бері, Жапония Шығыс Азиядағы АҚШ-тың тағы бір сенімді серігіне айланып шыға келді. Енді Солтүстік Корея мен Қытай қатарына Ресейді тартып отыр.

Оңтүстік Корея ел азаматтарының бір бөлімінің қарсылық шараларына қарамастан, «Сад» зымыранға қарсы жүйесін орналастырудың соңғы жұмыстарын аяқтау алдында тұр. Қытайдың төрт негізгі әскери базаларының үшеуін қамтитын бұл жүйе орнатылса, болашақ Қытай ұлы құрлығынан көтерілген барлық оқ жолындық ракеталарды ел шекарасынан шығармай атып түсіруге қаблетті.

“The Qazaq Times”