Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 28 шілде күнгі үкімет отырысында, 3 тамыздан бастап елде карантин шараларын біртіндеп жеңілдетуді коронавируспен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияға ұсынды.
Алексей Цой: «Елдегі жағдай бір апта бойы R коэффициенті 1-ден аспаса және ауруханаларда 70%-ға жуық орын бос болып, адам шығыны тұрақталса, карантин шараларын жеңілдетуге болады», – деді.
Карантин шаралары жеңілдетілген жағдайда мына нысандар жұмыс істейді:
Сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар, балабақшалар және балаларды дайындайтын әртүрлі орталықтар. Сонымен қатар шаштараз, сұлулық салондары алдын ала жазылу арқылы қызмет көрсетуі керек. Ал қоғамдық орындарда 3-тен артық адам топтаспауы керек.
Министрдің айтуынша, соңғы үш аптада «инфекцияның таралу көрсеткіші 1,2%-дан 0,99%-ға азайған, ауруханадағы орындар 90%-дан 47%-ға дейін босаған». Бұл көрсеткіштерге қарасақ, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетуге болады деді.
Мемлекеттік комиссия жетекшісі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ұсынысын комиссия қарайтынын айтты.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті