AmadNews жаңалықтар порталының жетекшісі, оппозициялық журналист Рухолла Зам шетелдік барлау және үкіметке қарсы іс-қимылмен байланыс орнатты деген күдікпен өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Иран Жоғарғы сотының ресми өкілі Голям Хосейн Исмайли Tasnim агенттігіне мәлімдеді.
14 қазанда IRNA Ислам Революциялық Сақшылар корпусының (IRGC – Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімшелері) күштерінің Замды ұстағаны туралы ақпарат жариялады. Оған үкіметке қарсы іс-қимыл және Франция, АҚШ, Израильдегі барлау органдарымен ынтымақтастық жасады деген айып тағылып отыр. Кейін Иран ақпарат құралдары Amad News басшысының ұсталғаны жайлы видео жариялады.
Рухолла Зам иран журналисі және азаматтық белсенді ретінде танымал. 2018 жылы Иран билігі журналистің Amadnews жобасы халықты билікке қарсы айдап салды деп айыптап, Tеlegram бұғаттаған. Көп ұзамай жоба жаңа атпен қайта жанданды.
Былтыр қазанда Ислам революциялық сақшылар корпусы «арнайы операция» кезінде Франциядан саяси баспана алған Замды ұстаған.
Журналист 2017-2018 жылдары Ирандағы наразылық акцияларын цензурасыз, ашық жариялауда белсенділік танытқан. Ресми мәліметтер бойынша, сол жылдары наразылықтар кезінде 21 адам қайтыс болып, мыңдаған адам қамауға алынған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау