Иран үкіметі АҚШ долларының қолданылуына жаңа шектеулер қойды. Енді америкалық валютаны импорт жасау кезінде пайдалануға мүлде тыйым салынды.
Ирандық Financial Tribune басылымының мәліметіне қарағанда доллармен есеп жүргізілетін тауарларды жеткізуге арналған кез-келген тапсырыстар немесе импорттық декларациялар Иранның кеден органдарымен жүзеге асырылмайды.
Иранның Орталық банкінің валюталық операциялар және саясат департаментінің директоры Мехди Касрейпурдың сөзінше, жаңа ережелер сауда операцияларына еш әсер етпеуі керек, себебі америкалық валютамен сауда жүргізу онсыз да шектеулі болған. Тіпті АҚШ санкцияларына байланысты, жергілікті банктер доллармен операция жүргізе алмаған.
Ал сарапшылар болса Иранның доллардан бас тартуын ұлттық валюта құнының төмендеп кетуімен түсіндіреді. Биыл Иран риалының долларға шаққандағы бағамы 8 пайызға төмендеген. Қазіргі уақытта бір доллар 37 355 риалға тең.
Енді тауар импорттаушылар доллардың орнына еуроны немесе ұлттық валютаны қолдана алады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы