Польшада президенттік сайлау өтті. Дауыс беру сағат жексенбі сағат 21.00-ге дейін 27230 сайлау учаскесінде өткізілді.
Биыл кезекті президенттік сайлауға 11 үміткер қатысқан, қатарында екінші мерзімге сайланған Польшаның қазіргі басшысы Анджей Дуда да бар. Мәліметер бойынша, 30 миллионнан астам поляктардың дауыс беруге құқығы бар. Олардың 387 мыңы шетелде.
Коронавирус пандемиясына байланысты дауыс беру аралас қағида бойынша: сайлау учаскелерінің ұйымдастырумен; карантинге жатқызылған адамдар үшін пошта арқылы дауыс беру мүмкіндіктері қарастырылған. Бүкіл ел бойынша 190 мың адам қашықтықтан дауыс берсе, шетелде жүргендердің көпшілігі пошта қызметін пайдаланды.
Сайлау кезінде санитарлық шаралар күшейтілді. Азаматтарды тіркейтін сайлау комиссиялары мүшелерінің арасында кем дегенде 1,5 м қашықтық сақталған. 207 мыңнан астам қызметкер қорғаныш маскаларымен және қолғаптарымен қамтамасыз етілген. Кіреберістерде дезинфекциялауға арналған құралдар бар.
Мемлекеттік сайлау комиссиясы дауыс берудің соңғы ресми нәтижелерін 1 шілдеден кешіктірмей жариялауды жоспарлап отыр.
Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарының сауалнамалары сайлау учаскелері жабылғаннан кейін белгілі болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді