Бішкектің Первомай аудандық сотында криминал Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іске сот үкімі шығып, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды.
Алмазбек Атамбаев сотта сөз сөйлеуден бас тартты. Талқылау бөлмесінен шыққаннан кейін сот Эмильбек Каипов Алмазбек Атамбаевтың мүлкін тәркілеп, өзін 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін прокурорлар оның мүлкін тәркілеумен қатар 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қырғызстанды басқарған А.Атамбаев 8 тамызда Қой-Таш ауылында орналасқан резиденциясында бір тәулікке жуық созылған арнайы операция кезінде қолға түсті. Сот айыптауларын мойындаудан бірнеше мәрте бас тартқан Атамбаевтың жақтаушылары полицияға қарсылық көрсетіп, қақтығыс орын алды. Арнайы жасақ сарбазы көз жұмды. Сол күні ұсталған экс-президент ҰҚКД тергеу изоляторына жеткізілді.
Алмазбек Атамбаевқа құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетті, жаппай тәртіпсіздік орнатты, криминалды топ басшысы Әзиз Батукаевқа қолдау көрсетті, Бішкек ЖЭО қайта құру кезінде жемқорлық жасады, Бішкектегі «Форум» өнеркәсіп ғимаратының басшылығымен заңсыз мәмілеге келді және Есік облысындағы Қой-Таш, Ыстықкөлде жер учаскелерін заңсыз жолмен алды деген айыптар тағылған. Сонымен қатар жоғарыда аталған айыптаулардың ішінде «экс-президент адам өлтірмек болды және адам бопсалады» деген бөлім де бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы