Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді және барша ресейліктерді ұлттық мерекелері – Ресей күнімен құттықтады.
Жеделхатта: «Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдарға, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы өзара тиімді және әділ ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі беделді держава ретінде атап өтеді. Сіздің стратегиялық бағытыңызды қатаң ұстана отырып, Ресей мемлекеттік құрылымның сан ғасырлық дәстүрін табысты арттырып, қоғамдық өмірдің барлық саласын дәйекті түрде жаңғыртып келеді», – делінген.
Сонымен қатар Тоқаев ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын атап өтті.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел