Германия канцлері Ангела Меркель Бундестаг сайтына хакерлік шабуыл жасағаны үшін Ресейге қарсы шара қолданылуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.

Сәрсенбі күні Бундестагда сөйлеген канцлердің айтуынша, неміс прокуратурасының 2015 жылғы шабуылға Ресейдің қатысы барын дәлелдейтін айғақ жеткілікті.

Меркель бұл шабуылдың сәйкестік емес, "гибридті соғыс" екенін мәлімдеді. Берлиннің Ресей әрекетіне жауап беруге қақы бар деді канцлер. Меркельдің мәлімдеуінше, Ресеймен арадағы қарым-қатынас жақсарып келеді, бірақ Мәскеудің әрекеттері діттеген мақсатқа жетуге кедергі болып тұр.

Бұған қоса Меркель өткен жылы тамызда Берлинде шешен жікшілдерінің дала командирі Зелимхан Хангошвилиді тапсырыспен өлтіргенін еске салды. Бір ресейлік күдікті ретінде ұсталған. Берлин Мәскеуді қылмысты тергеуге жеткілікті деңгейде көмектеспеді деп айыптады. Bellingcat зерттеуіне қарағанда, күдіктінің Ресейдің арнайы қызметімен байланысы болған. Германия елден Ресейдің екі дипломатын шығарып жіберді.

Неміс полициясының хабарлауынша, кибершабуылды ресейлік Дмитрий Бадин жасаған болуы мүмкін. Америкалық федералдық барлау қызметі оған АҚШ-қа қарсы хакерлік шабуылдар жасаған деген күдік келтіріп отыр.

Spiegel журналының мәліметінше, Бундестаг серверіне жасалған кибершабуылдан хакерлер Меркельдің электронды поштасындағы 2012-2015 жылдар аралығындағы мәліметтерді алған.

"The Qazaq Times"