Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күзде басталуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көбжасаров айтты.
«Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру ешбір белгілерсіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін», - деді Д. Көбжасаров онлайн тәртіпте өткен брифингте.
«Бүгінде адамдар індеттен сауығып, үйлеріне оралып жатыр. Яғни өмір жалғасуда, біздің денсаулық сақтау жүйеміз, дәрігерлеріміз өздеріне жүктелген міндетті орындап келеді. Денсаулық жағдайы нашар адамдар сауығып, аяғына тұрып жатыр», - деді орталық директоры.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған. Соңғы мәліметтер бойынша, елде 4753 адамнан (жұмада 175 адам қосылды) коронавирус анықталды. 1582 адам дерттен айықты (жұмада 64 адам жазылды).


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел