Бүгін, 3 мамыр Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні қарсаңында халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы биылғы бірінші тоқсандықтың есебін жариялады.
Қаңтар және наурыз айы аралығында ұйым журналистерге жасалған үш шабуыл, 13 ұстау (бесеуі оқиғадан хабар тарату кезінде болған) тіркеген. "Әділ сөздің" айтуынша, журналистер мен өзге де азаматтарға азаматтық тәртіпте "сөз бостандығы құқығын жүзеге асырғаны үшін" 22 айып тағылған. 17-і "ар-намыс және іскерлік беделді қорғаумен" байланысты. Алты шағымды - мемлекеттік қызметкерлер, алтауын ұйымдар мен компаниялар түсірген.
Қор сонымен бірге ақпарат алу және тарату құқығын бұзу бойынша 82 факт тіркеген. Олардың арасында қоғамдық маңызды ақпарат беруден бас тарту немесе шектеу бойынша 60 факт бар.
Бұған қоса "Әділ сөз" мәліметінше, ақпарат құралдарына қылмыстық істер бойынша 14 айып тағылған. Алтауы - "жала жабу", төртеуі "жалған ақпарат тарату" ісімен байланысты.
Құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ақпарат құралдары, блогерлер мен өзге азаматтарға қысым үдеген. Бұған дейін "Шекарасыз тілшілер" ұйымы билікті індет жайлы ақпарат таратқан журналистер мен блогерлерді қудалауды тоқтатуға шақырған.
Оның алдында халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар Қазақстан билігін төтенше жағдайды пікірін ашық айтқан белсенділерді қудалау құралы ретінде пайдаланбауға шақырған.
"Шекарасыз тілшілер" ұйымының 21 сәуірде жарияланған "Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінде" Қазақстан 180 елдің арасында 157 орында тұр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді