Біріккен Корольдік Еуроодақпен келісімшартқа келу уақытын тежеп отыр. Бұл туралы Брюссельде Одақтың Brexit бойынша бас мәмілегері Мишель Барнье мәлімдеді.
Барнье: «Біз басқосуда белгілі бір тақырыптарды талқылаумен ғана шектеле алмаймыз. Келіссөз кезінде барлық мәселе қамтылуы тиіс. Ұлыбритания маңызды сұрақтарды қарастырмай өтпелі кезеңнен бас тарта алмайды. Індеттің экономикаға кері әсерін жеңілдететін мәселелерді де талқылау қажет. Маусым айында тараптар келіссөзді қайта пысықтауы тиіс деп ойлаймын», — дейді.
Еуропалық одақ өкілінің айтуынша, Лондон осы аптада Брюссельмен саяси декларация келіссөзіне қатысты 4 тармақты талқылаудан бас тартқан. Сондықтан Брюссель бұл мәселелер қарастырылмайынша ұзақмерзімді серіктестік талқыланбайтынын жеткізді.