Әлемнің бірқатар елдері Zoom қосымшасын ақпараттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп, қара тізімге енгізді.
Осы аптадан бастап АҚШ сенаты мен Google корпорациясы қызметкерлеріне Zoom-мен видеоконференция өткізуге тыйым салды.
Қызметкерлерге сервисті пайдалануға тыйым салған алғашқы компаниялардың бірі SpaceX болды. Олар байланыс үшін балама ретінде электрон пошта мен смартфондағы бейнеқоңырауларды қолданады. SpaceX ғарыш компаниясынан кейін ZOOM-ды пайдалануға NASA да тыйым салған.
Мұның алдында қызметкерлер жаппай қашықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін қосымшаны пайдаланушылар саны үш айда 20 есеге өскені мәлім болған. Күн сайын Zoom-ды 200 миллион адам пайдаланады. Компания басшысы Эрик Юань негізгі ресурстарды тұрақты жұмыс үшін жұмсағанымен, Zoom қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмағанын түсіндірді.
Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізіліп, оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшкен. Елде ғаламтордың әлсіз жұмысымен қоса, мұғалімдер, оқушылар бірқатар мемлекеттер қара тізімге қосқан Zoom қосымшасын пайдалнып отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді