25 наурызда G7 елдерінің сыртқы істер министрлері әлемде коронавирустың таралуына байланысты алғаш рет видео-конференция форматында келіссөздер өткізеді. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапонияның сыртқы істер министрі Тошимицу Мотеги хабарлады.
Жапония СІМ өкілі конференцияда Солтүстік Корея, Иран мәселесі және коронавирустың экономикаға әсері талқыланады. Бұған дейін Франция экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрдің мәлімдеуінше, індет Қытайдан өзге елдерге таралуына байланысты әлем экономикасының дамуына кері әсері артты. Сол себепті биыл Франция экономикасы 0,1%-ға төмендейді деген болжам бар. «Үлкен жетілік» Сыртқы істер министрлері жаһандық жағдайға коронавирус пандемиясының ықпалын талқыламақ.
Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа байланысты Кэмп-Дэвидтегі резиденциясында G7 лидерлерінің маусымдық кездесуін болдырмайтынын және орнына видео-конференция саммитін өткізетінін айтқан. Саммитке биыл АҚШ төрағалық етеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы