Бразилия президенті Жаир Болсонару коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Fox news хабарлады.
Ресми билік ақпаратты әлі растаған жоқ. Бұған дейін мемлекет басшысымен байланыста болған жергілікті шенеуніктердің бірінің індетке шалдыққаны белгілі болған еді. Осыдан кейін президент те тексеруден өткен.
Соңғы ақпарат бойынша Бразилияда коронавирусты 76 адамның жұқтырғаны расталды. Тағы 1,5 мыңға жуық тұрғын «індетке шалдыққан болуы мүмкін» деген күдікпен тексеруден өтіп жатыр.
Жақында Бразилия президенті мен вирусты жұқтырған шенеунік АҚШ-қа барып, Дональд Трамппен кездескен. Трамптың баспасөз хатшысы «Ақ үй басшысына тексеруден өту қажет емес» деген мәлімдеме жасады.
Қазіргі уақытта әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 130 мыңнан асты. Бес мыңнан астам адам қайтыс болған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды