Кеше, 6 наурыз Сеулден астанаға жеткізілген Қазақстанның 93 азаматы карантинге жатқызылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп:.
– 6 наурызда Сеулден астанаға 178 жолаушы ұшып келді. Оның 85-і – транзит жолаушы. Яғни, Ресейден – 31, Өзбекстаннан – 51, Грузиядан – үш жолаушы. Олар әуежайдан шықпады, Қазақстан шекарасын кесіп өткен жоқ. Келесі рейсті күтіп отыр. Елдеріне қайтады. Қазақстанның 93 азаматы, екеуі бала, елордадағы көпсалалы ауруханаға 14 күнге карантинге жатқызылды, – деп мәлімдеді.
Бейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифингте «елде коронавирус күдігімен мыңға тарта (нақты 992) адам карантинге жатқызылғанын», оның 601-і үйде, қалғаны стационарда екенін хабарлаған. Олардың арасында Қытай азаматтары да бар.
Бірқатар алматылық белсенділер мен әлеуметтік желі қолданушылары қала ауруханасында жатқан «жүзге жуық» Қытай азаматтарын дереу өз еліне қайтаруын талап етіп келеді.
Бұған дейін Оңтүстік Корея заңсыз жүрген иммигранттарға наурыздың соңына дейін еш кедергісіз, айыппұлсыз, депортациялаусыз және қара тізімге енгізілмей елден кетуге "жасыл дәліз" мүмкіндігін жариялаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді