Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 5 наурыз күнгі брифингте «елде коронавирус күдігімен мыңға тарта адам карантинге жатқызылғанын», оның 601-і үйде, қалғаны стационарда екенін хабарлады.
«Бәрін қосқанда 992 адам карантинде жатыр, оңаша емделіп жатқандар да бар, үйде карантинде отырғандар да бар. Бізде карантинге жіберетін орындар жеткілікті» деді министр.
Оның айтуынша, бұған қоса 7 515 адам тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер бақылауында.
«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус табылған елдерден келген шамамен 8 мың адамды бақылап отыр. Бұл Қазақстан және шетел азаматтары. Ауру белгілері анықталған жағдайда ауруханаға жатқызылады. Қазір 60 адам ауруханаға түскен, 18-і ауруханадан шығарылды. Олар тексеру, диагностикадан өтіп жатыр» деді Біртанов.
Біртановтың айтуынша, Қазақстанда вирусты анықтайтын қажетті жабдықтар бар. Ресми дерек бойынша, Қазақстан аумағында коронавирус табылмаған.
Бейсенбі күні 8 наурыздан бастап вирус жылдам тарап жатқан Қытай, Иран, Оңтүстік Корея азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынатыны белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің сөзінше, үшінші ел арқылы келетін А санатындағы елдерден, яғни Қытай, Оңтүстік Корея, Иран азаматтарына да елге кіруіне тыйым салынбақ.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы