Алматыда полиция демократиялық партияның он шақты белсендісін ұстады. Vlast.kz мәліметінше, митинге қатысуға шыққан 70 шақты адамды полиция ұстаған.
21 ақпанда кешкі уақытта демократиялық партияны ұйымдастырушы бастамашыл топ өкілдері Жанболат Мамай мен Нұрбол Байтерековтың ұсталғаны хабарланды. 22 ақпанға қараған түні Алматы облысы Қаскелең қаласы Қарасай ауданы полиция басқармасына барған бір топ адам «Демократиялық партия» құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамайды қамаудан босатуды талап етті. Полиция ғимараты алдына жиналған жиырмадан астам адам "Бостандық" деп айғайлап, Мамайды шығармаса аштық жариялайтындарын мәлімдеді.Кейіннен топ жетекшісі Жанболат Мамайдың «рұқсат етілмеген митингіге шақырды» деген айыппен үш тәулікке қамалғаны хабарланды.
19 ақпанда «Қазақстанның демократиялық партиясын» құрғысы келетін бастамашыл топ өкілдері Алматыда жиын өткізген. Топтың әр аймақтағы мүшелері билік тарапынан қысымға ұшырап жатқанын айтқан демпартия жетекшісі Жанболат Мамай 22 ақпанға жоспарланған құрылтай съездің өтпейтінін, оның орнына топ белсенділері митингіге шығатынын хабарлаған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді