Батыс елдерінде үйлену тойлары мүлде қарапайым өтеді. Америкалықтар мен өзге де Батыс елдері үшін, Қытайда неке көптеген тиімділікті әкелетіндей көрінеді. Айталық достар мен туыстардың ұсынған тойлықтары, қыз жақтың беретін жасауы, күйеу жақтың жаңа үй сатып алуы т.б. Бірақ Бейжің қаласында некенің өзге бір игілігі бар. Ол – автокөлік номеріне қол жеткізу.
Қазіргі кезде Қытайда автокөлік сатып ала алатын неше жүз миллиондаған адам бар. Бірақ үлкен қалаларда автокөлікті тіркету мен номерін алу аса қиын. Себебі, Қытайдың ірі қалаларында автокөліктер саны қалыптан тыс көбейіп кеткен. Қытай астанасында өмір сүретін көптеген адамдар үшін неке – автокөліктің люкс номеріне қол жеткізудей бақытына ие ететуші саналады. Себебі, Бейжіңдегі автокөліктің санының шектен тыс артып кетуінен үкімет көлік номерін алуды қиындатқан. Алайда, заңды некеге тұрған ерлі-зайыптылар бір-біріне автокөлік номерін өткермелеп беруіне болады деген ереже бар.
Бейжің қаласында автокөлік номерін жылына алты-ақ рет таратады. Әр реттегі номер саны шекті. Миллиондаған автокөлік номерін алғысы келетіндер үшін бұл орай тым аздық етеді. Соңғы рет ақпан айында бір рет номер таратылды. Оған қатысқан номер алушылардың санына есептегенде, әр адамның автокөлік номеріне қол жеткізу ықтималдығы не бары 0,1269% болған. Осының өзінен-ақ Бейжің қаласында автокөлік номеріне қол жеткізудің қаншалықты қиындығын білуге болады.
Үш жыл бойы автокөлігіне номер ала алмаған, Бейжіңде тұратын шынжаңдық Ли есімді азамат, өзі қолданатын әлеуметтік желі парақшасына: «Үш жылдан бері кезек күтіп көлік номерін ала алмадым. Егер некеге тұру арқылы көлік номерін өткермелеп беретін әйел болса, ақысын төлер едім», – деп ашық жазыпты. Оның сөзінен ашыну мен кейістік те аңғарылады. Қазір Қытай астанасында көлік сатып алу үшін некеге тұрушылар барған сайып көбейіп келеді. Бұл автокөлік сатып алушылар арасында қалыпты құбылысқа айналды.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы