Токиоға жақын жерде карантинде жатқан The Diamond Princess круиздік лайнеріндегі жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында коронавирус жұқтырғандар саны 454 адамға жеткен. Бұл туралы Жапония үкіметі хабарлады.
Сарапшылар лайнерде таралып жатқан дерт ушығуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. АҚШ үкіметіне қарасты екі ұшақ кеменің бортындағы 400 АҚШ азаматын эвакуациялау үшін Жапонияға ұшып келуі тиіс. Канада, Гонконг және Израиль Жапонияға кемедегі өз азаматтарын эвакуациялау үшін чартерлік рейс жіберуге дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Осы аптада Жапония Ухань қаласынан өз азаматтарын эвакуациялау үшін бесінші чартерлік рейсті жіберді. Қазіргі уақытта 700-ден астам адам елге оралған.
Соңғы мәліметтер бойынша, қатерлі коронавирус індетінен 1775 кісі көз жұмып, 71,3 мың адам жұқтырған. Сонымен қатар, Қытайда ауру жұқтырушылармен қатынаста болған 150,5 мың адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Тағы 7,2 мың адам коронавирус күдігімен карантинге жатқызылды. Медицина мамандарының бағалауынша, елде 10,6 мың науқастың жағдайы тым ауыр.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті