АҚШ Мемлекеттік департаменті жаңа коронавируспен күресу мақсатында Қытай және өзгеде елдерге көмек ретінде 100 млн АҚШ долларын бөлмек. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Сонымен бірге, АҚШ денсаулық сақтау министрі Хатардтың айтуынша, АҚШ Қытайға сарапшылар тобын жіберуге дайын, бірақ әлі де Қытай үкіметінің мақұлдауын күтуде.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бөлінетін қаржы Қытай және өзге де коронавирустан зардап шеккен елдерге қолдау көрсетуге жұмсалады, сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вирусқа қарсы әрекеттерін қолдауға жұмсалады.
Мәліметке қарағанда, бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Ши Жинпиң телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус жағдайын талқылаған. Трамп сөйлесу кезінде Қытайдың қауіпті індетті тізгіндеуге қабілетті екеніне сенім білдірген және екі ел арасында ынтымақтастық орнату керектігін алға тартқан.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес