Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 өкілі ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Ұсталған азаматтардың барлығы осыған дейін ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Олар сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды