Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы реформалауды ұсынды.
Президент сөзінде: «Реформалардың жүзеге асырылу қарқыны баяулағанын мойындау керек. Халықаралық және отандық сарапшылар осындай тұжырымға келген. Сондықтан Қазақстан экономикасына терең реформа жасауға бағытталған бағдарлама әзірлеу маңызды. Бізге проблемаларды нақты анықтауға және оларды шешуге мүмкіндік беретін жаңа экономикалық бағыт керек. Реформаларды іске асыру үшін ең алдымен жігер керек. Үкімет осы қасиетті көрсетеді деп ойлаймын. Басқа жол жоқ. Өйткені уақытымыз да жоқ», – деді.
«Бүгінгі таңда құрылыс, сауда және көлік салаларында жақсы өсім тіркелген. Дегенмен, еңбек өнімділігінің төмен болуы басты проблемалардың бірі» деген президент экономикалық өсімнің сапасын арттыру үшін салалық проблемаларды шешуді жалғастыру керектігін айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел