Қытай билігі 18 адамның жанын жалмаған қауіпті вирусты таратпаудың шараларын қолданып бағуда. Соңғы мәліметтерде коронавирусты 600-ден астам адам жұқтырған. Сондай-ақ, вирус Қытайдың Қазақстанмен шекаралас Шынжаң жеріне де жетті және АҚШ, Тайланд, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Сауд Арабия елдеріне дейін жетті.
Қауіпті вирустың ошағы болған Хубей провинциясында екі қалада айрықша тәртіп орнатылды. Яғни, қала тұрғындары басқа аймақтарға шығарылмайды, басқа аймақтардан ешкім кіргізілмейді. Ухан қаласы бұдан екі күн бұрын карантин жағдайына өткен. Бірақ, эксперттер бұл шаралардың нәтижесінен күмәнданып отыр.
Кешегі мәліметтерден, Қазақстанға шекаралас Шынжаң жерінен қауіпті вирусқа шалдыққан екі адам анықталған. Бұл екеуі де Ухан қаласынан Шынжаңға қайтып келген. Вирус жұқтырғандардың бірі студент болса, енді бірі жұмыскер.
Қауіпті вирустың таралуын тоқтату үшін жасалып жатқан шаралар қатарында арнайы маскалар да бар. Дегенмен, қытайлық әлеуметтік желілерде қаза болғандар мен инфекцияға шалдыққандар саны үкіметтің ресми мәліметінен әлде қайда көп деген пікірлер де кездеседі.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес