Колумбияда өтетін «лаңкестікпен күрес» саммитіне келген Венесуэла оппозициясының делегациясы ел прездиенті Николас Мадуроның ливандық шиит партиясы саналатын «Хезболла»-мен байланысын дәлелдемек. Бұл туралы Ұлттық ассамблея депутаты Карлос Папарон хабарлады.
Саясаткер өзінің Twitter парақшасында: «Біз Мадуро режимінің терроризммен, атап айтқанда, «Хезболла» ұйымымен тікелей байланысты екенін күллі әлемге дәлелдейміз», – деп жазған. Депутат Венесуэла оппозициясы терроризмге және оны қаржыландыратын адамдарға қарсы күрес шараларын әзірлеп жатқанын айтты.
Былтыр АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран билігі Венесуэла мен Оңтүстік Американың басқа да өңірлеріне ықпал етіп отыр деп айыптаған. Америкалық дипломатияның басшысы «Хезболла»-ның Оңтүстік Америкады ықпал етуге тырысып отырғанын айтты. Бірақ Венесуэла президенті Николас Мадуро аталған ұйыммен байланысы жоқ екенін мәлімдеген.
«Хезболла» 2012 жылдан бастап Сүрияда үкімет әскерлері жағында соғысады. Ливан Парламентінде 12 депутат ұсынған партия АҚШ-та, Израильде және Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі елдерінде террористік ұйым деп танылған.
Уашингтон, Тель-Авив және араб мұнай өндіретін монархиялар «Хезболла» шиит тобын Иранның Таяу Шығыстағы «басты құралы» деп санайды. Еуроодақ елдерінде шиит партиясының әскерлері террористік топ ретінде аталады. Ал оның саяси құрылымдарымен байланыс жасауға рұқсат етілген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел