Бюджеттен 11,4 млн теңге жымқырған әкімдік қызметкері сотталды.
Кеше Орал қаласына қарайтын Желаев ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы-экономика бөлімінің басшысы Гүлсара Хабуловаға бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен сот үкім шығарды.
БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Г.Хабулова 2013-2019 жылдары бухгалтерлік құжатқа аталған мемлекеттік мекеменің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізіп келген.
Атап айтқанда, «Казначейство клиент» ақпараттық жүйесінде өзінің электронды қолтаңбасын пайдалана отырып, карточкалық шотына еңбек демалысы және емдік жәрдемақы түріндегі қаражатты негізсіз аударған. Сөйтіп ол мемлекетке 11 млн 473,149 мың теңге залал келтірген. «Қазіргі таңда шығын толық өтелді» делінген ведомство хабарламасында.
14 жыл бойы есепші қызметінде болған Хабулова Орал қалалық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Басқаның сенiп тапсырған мүлiкін иемдену немесе талан-таражға салу» бойынша айыпты деп танылып, екі жылға сотталды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы