26 желтоқсан белгілі журналист, қоғам белсендісі Жанболат Мамай бастаған Қазақстанның демократиялық партиясын құруға ниеттенген ұйымдастыру комитетінің құжаттарын әділет министрлігі тіркегені хабарланды.
Бүгін, желтоқсанның 26-сы түсте елордада «Қазақстанның демократиялық партиясын» құрғысы келетін бастамашыл топ мыңнан астам адамның қолы қойылған құжатты әділет министрлігіне тапсырып, құрылтай съезін өткізу үшін бастамашыл топты тіркеуді сұраған.
Ведомство өкілі Талғат Әбубәкіров құжатты қабылдап, тіркелгені туралы түбіртекті бүгін кешке дейін беруге уәде берген болатын.
Партияны ұйымдастыру комитетінің өкілі Инга Иманбай министрлік топты тіркемеген жағдайда мұны «саяси себеппен» байланыстыратынын мәлімдеген еді:
– Бізге съезд өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Дайындаған құжаттарымыз бен жақтастарымызға сенеміз. Егер әділет министрлігі қандай да бір себеппен тіркеуден бас тартса, онда оны саяси себеппен бас тартты деп түсінеміз және әрі қарай әрекет жасаймыз, – деген.
Түстен кейін сағат 16:30 шамасында Жанболат Мамай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ведомствоның ұйымды тіркегені туралы хабар таратты. Енді Демпартия 2020 жылдың 20 ақпанына дейін өзінің құрылтай съезін өткізуі керек.

Қазақстанның демократиялық партиясының тіркелгені туралы министрлік құжаты. Фото: Ж.Мамайдың facebopk желісінен

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті