1 желтоқсан таңғы бестер шамасында белсенділер Алматы қаласы Саин даңғылы мен Шаляпин көшесінің қиылысындағы көпірге «Ел басынан шіриді. #qazaqkoktemi» деген баннер ілінді.
Баннердің суреті Instagram желісіндегі rukh2k10 аккаунтында жарияланды.
«Осы акция арқылы халыққа елдің тағдыры біздің қолымызда екенін көрсетіміз келеді. Бізге жақпағандарға «жоқ» деп айтуға әрқашанда құқығымыз болған, бізде сөз бостандығы құқығымыз бар және сол құқығымызды қорғаймыз. Елде заңсыздық, жемқорлық және қорлау жайлағанда, девальвация, кредит пен ипотека займдары шектен тыс асып кеткенде біз шашылып «Бірінші президент күнін» тойлап жатырмыз», – деп жазылған rukh2k10 аккаунтында жарияланған жазбада.
Бұған дейін сәуірдің 21-і Алматыдағы марафон кезінде «Шындықтан қашып құтыла алмайсың» деген баннер ілгені үшін белсенді Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті сот 15 тәулікке қамап, қатарында Сүйінбике Сүлейменова да бар үш азаматқа бейбіт жиын өткізу ережесін бұзды деп айыппұл салынды.
Ал 29 сәуірде Роман Захаров Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге Қазақстан Конституциясындағы «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген баннер ілген соң бес күнге қамалған болатын. Бірақ кейін апелляциялық сот Роман Захаровты қамаудан босатқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы