Грузиядағы мемлекеттік мекемелер мен телеарналар ауқымды хакерлік шабуылға ұшырады. Хакерлік шабуыл екі мыңнан астам ресурсқа жасалған, олардың арасында жекелеген компаниялар, үкіметтік емес ұйымдардың сайттары да бар.
Кибер-шабуыл сот тармағына қатысты сайттарға да жасалған. Хакерлер сайттардың бетіне Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің суретін қойып, «Мен қайтып келемін» деген мәтін қалдырған. Ал, хакерлік шабуыл арқылы жасалған кедергіден кейін елдегі екі ірі телеарна эфирді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.
«Имеди» арнасы өзінің әлеуметтік желі парақшасында жасаған мәлімдемесінде хакерлік шабуыл байланыс сигналын үзіп тастағанын, тікелей эфирге шығуға амалсыз қалғандарын, тіпті монтаж жасауға арналған компьютерлер де істемей қалғанын жазған.
Елдің Ішкі істер министрлігі кибер-шабуыл туралы тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Алайда, қазірге дейін анық ештеңе айта алмай отыр. Ал, сол елдегі BBC тілшілері болса өз хабарларында шабуылдың артында Ресей тұрған болуы мүмкін деген болжамдарын айтқан.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы