Иракта жаппай наразылық шаралары күшейіп тұрған тұста Иранның рухани көсемі Ирак шиіттерін қолдайтынын жеткізді. Ол мәлімдемесінде жаратушы және пайғамбарға (Шиіттер Хусейнді пайғамбар тұтқан) деген сенім екі ел халқын біріктіретінін айтқан.
Иранның Fars New ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, «Твиттер» арқылы жазбаша мәлімдеме жариялаған аятолла Хаменей Иран мен Ирак халқы күн сайын бірлігі артып келе жатқанын айтқан. «Аллаға деген иман мен имам Хусейнге деген махаббат екі ел халқын күн сайын жақындата түседі», – деген Иран рухани көсемі.
Ирак Садам Хусейн билігі кезінде шиіттердің ықпалына күшті қарсылық танытқан. Алайда, Ирак соғысынан кейін Садам Хусейн биліктен құлатылып, елде дағдарыс күшейді. Қазіргі кезде Бағдат билігі Иранның ықпалына қарсы тосқауыл қоюға дәрменсіз.
Кезекті бұлғақ та елдің оңтүстігіндегі шиіттер аймағынан күтпеген жерден басталып, көп өтпей тұтас елге таралған. Кейбір сарапшылар лидерсіз қозғалыстардың артында Иран қолдаған топтардың тұруы да мүмкін екенін айтады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес