Өзбек барлаушылары белсенділері мен диссиденттеріне қарсы сатылымдағы компьтерлік құралдарды пайдаланған. Осылай деп Лондонда өткен VirusBulletin конференциясында «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік жөніндегі мамандары мәлімдеді деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызыметі Reuters-ке сілтеме жасап.
Өзбек кибербарлаушыларының қызметі жайында зерттеуші Брайан Бартоломью мәлімдеді. Ол SandCat хакерлік топтың Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметімен тікелей байланысы бар дейді.
SandCat ең ауыр трояндар мен вирустар әзірлеумен айналысқан. Желіге қарсы шабуыл жасайтын құралдарды олар ашық базардан сатып алып отырған.
Мұны анықтау үшін хакерлердің бірнеше компьютеріне Касперскийдің вирусқа қарсы жүйесін орнатады. Ол күмәнді кодты анықтайды. Кейін күмәнді вирусты зерттегенде, оның IP-адресі Ташкенттегі 02616 әскери бөліміне тіркелгені белгілі болады.
Бұл әскери бөлім журналист Бобомурод Абдуллаевтың ісінде бір-екі мәрте айтылған. Журналистің адвокатының айтуынша, аталған әскери бөлім тілшінің компьютерлерін тәркілеп, сот сараптамасына жіберген.
Сарапшылар сонымен бірге кибершабуыл жасайтын доменнің Омониллахон Ходжакбаров дегеннің атына тіркелгенін де анықтаған. Кейін белгілі болғандай ол Ұлттық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істейтін болып шыққан. 2005 жылы ол мемлекет сыйлығын алған деп жазады Reuters.
Брайан Бартоломью SandCat хакерлік тобы негізінен құқық қорғаушылар, журналистер және диссиденттердің компьютеріне шабуыл жасайды дейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді