Украинада ұшақ құлады. Жанармай бітіп қалғандықтан, экипаж шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Оқиға «Львов» әуежайының маңында чартерлік рейсті орындау кезінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатты жағдайда қонған ұшақтағы төрт адам қаза тапты.
«Мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды. Жанармайдың бітіп қалуына байланысты апатты жағдайда қонған. Оқиғаны тергеу басталды», – деп жазды Владислав Криклии әлеуметтік желіде.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Украинаның инфрақұрылым министрлігінің басшысы қаза тапқандардың туыстары мен достарына көңіл айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел