Ресей Жапониямен «арал дауына» нүкте қойып, жаңа келіссөздер жүргізуге мүдделі.
Осыған қатысты Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Соғыс аяқталғаннан кейін қол қойылатын жай ғана бейбіт келісім-шарт жасап қана қоймай, Ресей мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейін көрсететін құжатты және ең бастысы-оларды одан әрі дамытудың бағдарларын көрсету қажет. Қарым-қатынасты сапалы жаңа деңгейге шығару үшін жалпы тынымсыз жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Бейбіт келісім - шарт екі елдің проблемасын ықтималды шешуге, халықтарымен қолдау және қабылдау керек екендігін әрдайым ескереміз», – деді.
Екі ел арасындағы арал дауы әлі күнге дейін оңтайлы шешім тапқан жоқ. 2 тамызда Курил аралдарына ресейлік шенділер басқару тобымен барғаннан кейін, Жапония Сыртқы істер министрлігі Мәскеуге наразылық хатын жолдаған болатын. Бұған қатысты пікір білдірген Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев: «Жапон халқының наразылығы біздің еш алаңдаушылығымызды туғызбайды. Курил аралдары Ресей жеріне тиесілі. Аралдар Сахалин облысына кіреді. Сол себепті ресейліктердің ол жаққа баруға толықтай құқығы бар», – деді.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Ресей президенті Владимир Путин арал мәселесіне қатысты 2012 жылдан бері бірнеше кездесу ұйымдастырған. Алайда, тараптар ортақ мәмілеге келе алмады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау