Қырғызстанда 2010 жылы сәуір оқиғасынан кейін құрылған Уақытша үкімет мүшелері (УҮ) өзара бас қосып, ел президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуді жоспарлауда.
Олардың бас қосуына саясаткер Өмірбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновтың бостандыққа шығуы себеп болған.
Уақытша үкіметтің премьер-министрі болған Темир Сариев Жээнбековпен кездесу президент әкімшілігінің бастамасы дейді. Бірақ ол қандай мәселелер көтерілетінін әлі білмейді.

Уақытша үкімет мүшелерінің бас қосуына Роза Отунбаева, Темир Сариев, Кенешбек Дуйшебаев, Азимбек Бекназаров, Эмилбек Каптагаев, Элмира Ибраимова, Болот Шер, Исмаил Исаков, Абдыганы Эркебаев, Өмірбек Текебаев, Дуйшенкул Чотонов келген. Тек экс-президент Алмазбек Атамбаев болмады. Ол қамауда отыр.
Уақытша үкімет соңғы рет 2016 жылы сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев Конституциялық реформа жариялағаннан кейін кездескен. Осыдан кейін өзара келіспеушілік болған. Қазір Абдыганы Эркебаев пен Иса Омуркуловтан басқасының бәрі мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?