Бүгін, 30 тамыз Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Биыл ҚР Атазаңының қабылданғанына 24 жыл толды.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырады, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгілейді, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындайды. Екінші рет қабылданған құжат 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың құттықтау мәтіні:
"Құрметті отандастар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан.
Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады.
Келесі жылы Ата заңымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осы кезең ішінде еліміздің басты заңы жасампаздық пен ілгерілеудің кепіліне айналды.
Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары мен институционалдық реформалар соның негізін құрайды.
Біздің мақсатымыз – экономиканың сапалы өсімін және халықтың әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етіп, тұрмыс деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру.
Ата заң азаматтарымыздың мүддесіне қызмет етіп, елімізді одан әрі дамытуға септігін тигізе береді.
Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!"
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Конституциясында негіз қалаушы қағидаттар ретінде қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық даму және мемлекеттік өмірдің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу нақты белгіленген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді