Гонконг полициясы ереуілшілерге қарсы қару қолданды.
ВВС ақпарат агенттігінің мәліметінше, тамыз айының 25-і күні болған митинг кезінде Гонконг полициясы наразы топқа қарсы қару қолданған. Атап айтқанда офицерлердің бірі ереуілшілерге қарата тапаншадан оқ атқан. Бұған дейін тәртіп сақшылары халыққа қарсы қару қолданбаған.
Гонконгте жаппай ереуіл заң бұзған азаматтарды Қытайға экстрадициялауға байланысы заң жобасына түзетулер енгізілетіндігі белгілі болғаннан кейін басталған. Қытай билігі ереуілшілерді «терроризм», «күш көрсету» және «тәртіпсіздік жасау» баптары бойынша айыптауда.