Бүгін кешке қарай Ақорда Баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед;
Андрей Иванович Лукин;
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева;
Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен;
Дана Өмірбайқызы Нұржігітова;
Жүсіп Байтілесұлы Нұртөре;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров;
Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін Парламент Сенатының депутаттары лауазымында болған Сергей Громов, Георгий Ким, Дулат Қосдәулетов, Рашид Түсіпбеков, Асқар Бейсенбаев пен Бірғаным Әйтімовалардың өкілеттіктері тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли де өз парақшасында бөлісіп, растаған.
Парламент Сенаты депутаттығы мандатына тағайындалғандардың көпшілігі "Нұр Отан" партиясының мүшелігіндегілер мен биыл кезектен тыс өткізілген 9 маусымдағы ҚР Президентін Сайлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығын қолдап, үгіттегендер.
Жаңа қызметке келгендерге сәттілік тілей отырып, азаматтық қоғам мен демократиялық принциптердің орнығуына күш салып, еліміздің гүлденуіне атсалысатынына сенім білдіреміз!

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті