АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің 8 наурыздағы хабарламасына сүйенсек, Трамп таққа отырғаннан бері Мексика шекарасынан заңсыз кірушілер көрнекті төмендеген. Аталған құзырлы орынның көрсеткен мәліметінде бір ғана ақпан айында оңтүстік шекарадан заңсыз шекара бұзушылар 40 пайызға азайған. Бұл туралы China news порталы хабарлайды.

Бұл көрсеткіш шекара қорғау және кедендік бақылау орындарының оңтүстік шекарада ұстаған, қамауға алған адамдар санын салыстыру арқылы шығарылған. Яғни, осы жылдың қаңтар айында 31578 адам оңтүстік шекараны бұзу барысында ұсталған. Ал ақпан айында бұл сандық көрсеткіш 18762 адамға азайған. Бұдан бұрынғы үрдісте ақпан айындағы шекара бұзушылар қаңтар айынан 10-20 пайызға дейін көп болып келіпті. Трамп үкіметі шығарған заңсыз мигранттарды шектеу жаңа ережесі арқылы заңсыз шекара бұзушылар  40 пайызға азайды деп отыр, АҚШ ІҚ департаменті.

Естеріңізде болса, Трамп таққа отырған алғашқы аптада-ақ, 2000 мильдік АҚШ-Мексика шекарасына қорған тұрғызуға бұйрық беріп, мигранттарды шектеудің жаңа ережесін шығарды. Шекара күзеті мен кеден қызметкерлерінің құқық көлемін кеңейтті. Шекара бұзушыларды қамау және айып бұл салу ережелерін атқарды. АҚШ Ішкі Қауіпсіздік департаментінің мәліметі бойынша осы жаңа саясат Құрама Штат үшін ендігі жерде оң пайдасын тигізіп отыр екен.

Шекарада тұтқындалған заңсыз иммигранттардың санының азаюы, заңсыз шекара бұзу ісіндегі оң өзгерісті көрсетеді деп отыр аталған департамент мәлімдемешісі. Сонымен қатар, басын тәуекелге байлап, заңсыз шекара бұзып, контрабандалықпен айналысатындар санын да азайтады деп күтілуде. Бұл алғашқы сандық мәліметтер атқарушы биліктің маңызды рөлін толық көрсетіп тұр.

“The Qazaq Times”