АҚШ-тың миграциялық мәселелер бойынша арнайы қызметі Миссисипи штатында ауқымды операция жүргізді.
Reuters агенттігінің мәліметінше, операция нәтижесінде заңсыз 700-ге жуық келімсек ұсталған. Олардың басым бөлігі Мексика, Венесуэла, Гондурастан келіп, Америкада жалдамалы жұмыс істегендер. Көші-қон мәселесін шешуге арналған операция 2008 жылдан бергі ең ауқымды жоба саналады. Аталған операция негізінде екі мыңдай мигрантты еліне депортациялау жоспарланған.
Биыл мамырда Ақ үй басшысы Дональд Трамп миграция және көші-қон талаптарын күшейту керектігін айтқан. Сонымен қатар, АҚШ пен Мексика арасында қорған орнату қажеттігіне тоқталған болатын. Шекара мәселесіне қатысты ресми мәлімдемеде Трамп: «Қазіргі уақытта есірткі тасымалы, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық сынды мәселелер артып келеді. Мұның басым көпшілігі босқындар мен заңсыз миграция салдарынан орын алып отыр. Егер біз осы құрылысты бастасақ, гуманитарлық дағдарысты тоқтата аламыз», – деп дуалдың маңыздылығы туралы мәлімдеген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі