Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады.
Тамыз айының 7-інен 8-іне қараған түні Алмазбек Атамбаев «Апрель» телеарнасында арнайы мәлімдеме жасады. Онда ол Сооронбай Жээнбеков билігін қатаң сынап, үйіне жасалған шабуылға байланысты пікір білдірді.
7 тамыз күні кешке арнайы жасақ сарбаздары Алмазбек Атамбаев Қой Таш ауылындағы үйіне басып кіріп, экс-президентті алып кетпек болған. Операция барысында бір әскери жасақ сарбазы көз жұмып, 45 бейбіт тұрғын жараланған.