Алматыда Мұхтар Жәкішевті қолдау акциясы өтті.
Шілде айының 25-і күні Алматы қаласының Тәуелсіздік алаңында саяси себептермен сотталды делінген "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жекішевті босатуды талап етіп, белгілі журналист Сергей Дуванов қарсылық акциясына шықты. Ол кеше Семей қалалық соты шығарған шешіммен еліспейтіндігін жеткізді.
Естеріңізге салайық, кеше Семей қаласының соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы арызын қанағаттандырмаған.