Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғындары бүгін таңнан бері Алматы-Талғар тасжолының бойында жиналып тұр. Олар бұған дейін де, яғни 1 шілде де наразылық шарасын өткізген. Бесағаштықтардың жолды жабу арқылы наразылық білдіруіне бір ғана себеп бар, «Жаз келісімен Бесағашта ауыз су мәселесі туындайды», – дейді Жылбек Сембекұлы. Оның айтуынша, Бесағаштағы ауыз су мәселесі тек биыл ғана емес, бірнеше жылдан бері қордаланып келеді. «Мәселе негізінен жаз айларында басталады. Жаз келісімен суды өшіре бастайды. Неге? Мына жерде «Тас-құм Ақсай-сау» деген ЖШС-ға қарайды. Сол компанияның қарыздарына байланысты су өшіріледі. Біз су әкімдіктің баланысына өтсе деген өтінішіміз бар», – дейді Жылбек Сембекұлы. Ауыл мен аудан әкімдерінің орынбасарлары бастаған бірқатар әкімдік өкілдеріне қанағаттанбады. Бірдан, Талған ауданының әкімінің келуін талап етті. Әкім келгенше ауыл тұрғындары Алматы-Талғар тас жолын бірнеше минутқа жауып тастады. Араға аз уақыт салып Талғар ауданының әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы Сатбаев та жұрт алдына келіп, 1 шілдедегі уәдесін қайталады. Талғар әкімі жұртпен бірге су қоймасына да барды. Қалай болғанда да, әкімдік тарабы аталған ЖШС-дан өз баланысына алмай, Бесағаштың ауыз су мәселесін шешім таппайтындай. Жаздың аптап ыстығы енді ғана басталып жатқанын ескерсе, Талғар әкімі өз уәдесін орындайды деген үміттеміз.

“The Qazaq Times”