АҚШ тарабы Ормуз бен Баб-әл-Мандаб бұғаздарынан өтетін кемелерді күзету үшін халықаралық коалиция құруды ұсыныс етті. АҚШ Қарулы күштер штабының жетекшісі Жозеф Данфорд мәлімдеген болатын.
Данфорд мәлімдемесінде, АҚШ тарабы бұл мәселе бойынша бірқатар елдермен диалог жүргізіп жатқанын, коалиция құрылса ол аталған екі бұғаз арасындағы кемелердің қауіпсіздігін бақылауға алмақ. Бірақ, америкалық жоғары әскери шенді қай елдермен сөйлесулердің жүріп жатқаны туралы анық айтпаған, тек: «Қайсы елдің саяси ерік-жігері жетіп, бұл міндетті орындауға келісім беретіні алдағы аптада белгілі болады», – деген.
Иран билігі АҚШ-тың мәлімдемесін «үркітіп-қорқыту», «психологиялық шабуыл» ретінде бағалады және Ормуз бұғазын жауап тастайтынын ескертті. Ормуз бұғазы әлемдегі мұнай тасымалы үшін аса маңызды су жолы болып саналады.
Егер, АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері құрылып, ол Ормуз бен Баб-әл-Мандаб бұғаздары арасында әскери шарлаушы кемелерімен жүретін болса, бұл Иранның қорғаныс қауіпсіздігіне жаңа қысып түсіреді. Әрине, Иран қарулы күштері де шекарасына жақын бұндай шетелдік әскери күштерді жауапсыз қалдырмайды. Бұл қақтығыс қаупін де өршітуі мүмкін.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес