Солтүстік Корея үкіметі АҚШ президентінің санкция шешімдерін айыптап, наразылық білдірді. Пиоңяң (Пхеньян) жасаған ресми мәлімдемеде «АҚШ-тың Солтүстік Кореяға практикалық тұрғыда дұшпандық жасап отырғанын» айтқан.
АҚШ президенті Дональд Трамп жақында ғана Оңтүстік Кореяға жасаған сапары кезінде екі Кореяның символдық шекара аймағы Панмынжомда Солтүстік Корея лидерімен үшінші рет кездескен еді. Дегенмен, президент Трамп кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Кореяға бағытталған экономикалық санкциялардың жалғаса беретінін айтқан.
Солтүстік Кореяның кезекті айыптауында АҚШ президентінің КХДР-на қарата дұшпандық әрекетке барғалы отырғанын алға тартады. Мәлімдеме айтылуынша, АҚШ президенті БҰҰ мүшелеріне хат жолдап, Солтүстік Кореяға біріккен санкция салуға шақырған және солтүстік кореялық жұмысшыларды шекарадан шығаруды талап еткен. Пиоңяң Трамптың бұл әрекетін «Солтүстік Кореяға қарсы практикалық тұрғыдағы дұшпандық әрекет» деп бағалаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы