Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың АҚШ-қа сапары басталды. Ресми сапар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жеке шақыруы бойынша Құрама Штаттың Тәуелсіздік күні және Қазақстанның дипломатиялық қызметі күнімен тұспа-тұс келіп отыр.
Б.Атамқұлов АҚШ президенті әкімшілігі, Мемлекеттік департамент басшылығы және сарапшылар топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізбек. Сапар барысында Америка мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық, стратегиялық қарым-қатынас талқыланады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Америка компаниялары тарапынан Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйылған. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы олардың көлемі 44,7%-ға өсіп, 5,3 млрд АҚШ долларына жеткен.
Айта кетейік, бұл Б.Атамқұловтың ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ретінде және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті лауазымына сайланғаннан бергі алғашқы сапары. 2018 жылы бұрынғы президент Н.Назарбаев Уашингтонда Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесу өткізіп, стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылаған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі