БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері және өзге де бірқатар Еуропа елдері Иранға қарата бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдеме БҰҰ ҚК-ның Иран мәселесін тақырып еткен арнайы отырысынан кейін жасалған.
Қауіпсіздік кеңестің кезекті отырысы Иран ядролық келісім тақырыбына арналған. Британия, Франция, Германия, Польша, Бельгия және Эстония елдері бірлесе отырып жасаған мәлімдемеде, Иранды дағдарысты күшейтіп, қақтығысқа жол ашатын әрекеттер мен мәлімдемелерінен бас тартуға шақырған.
Мәлімдемеде, Иран тарабынан жасалып жатқан кейбір әрекеттер АҚШ-тың әскери шабуылына себеп болуы мүмкін делінген, бұл өңірдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қадамдар ретінде бағалаған. Сондай-ақ, Теһран тарабынан жасалатын кейбір мәлімдемелер де шиеленісті ушықтырып, тараптардың қайшылығын күшейтетінін ескерткен.
Дегенмен, аталған елдер Иранмен жасасқан ядролық келісімді сақтап қалуға күш салатынын білдірген. Қазіргі Парсы шығанағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесінде Иранмен жасасқан ядролық келісімнің сақталуы аса маңызды екенін де растаған.
Шынын қуғанда, АҚШ-тың ядролық келісімнен біржақты шығып кетуі және Иранға экономикалық, саяси қысымдарды арттыруы қазіргі АҚШ-Иран дағдарысының негізгі себептері болғанымен, Теһран билігінің кейбір ұшқары әрекеттері мен әсіре мәлімдемелері де қайшылықты асқындырып, екі ел арасындағы келіссөз диалогына мүмкіндік бермей келеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес