Қырғызстанның Жоғары Кеңесі бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айырды.
Кабар агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ашық түрде өткен дауыс беру нәтижесі бойынша 109 депутаттың үшеуі ғана бұл шешімге қарсы шыққан. Жоғары Кеңестің Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыруға байланысты құрылған арнайы комиссиясы экс-президентке 9 пункт бойынша айып тақты. Айып тізімін «Республика – Ата-Жұрт» партиясының депутаты Талант Мамытов оқыды. Тізім ішінде «заңсыз жер иеленді», «Ресей азаматтарына, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қару-жарақ таратты», «қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты бостандыққа шығаруға көмектесті», – деген айыптар бар. Жоғары Кеңестің Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Атамбаевқа Бас прокуратура тағып отырған алты айыптың бесеуіне қатысы бар деген шешімін қолдады.
12 маусымда Жоғары Кеңес депутаты Қанатбек Исаев «Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру» жөнінде бастама көтерген. Ал 13-ші маусымда осы мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы