Солтүстік Кореяда Пхеньян қаласындағы Ким Ир Сен университетінің студенті, 29 жастағы Аустралия азаматы Алек Сигли қамауға алынды.
«The Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, студентке қандай айып тағылғаны беймәлім. Дегенмен, кей мәліметтер бойынша ол Солтсүтік Кореядағы өмірі, күнделікті тұрмыс, өзіне ұнаған көрікті мекендер және басқа да тақырыптарда шетелдік басылымдарға мақала жазып келген. Сонымен қатар, Сигли КХДР-да оқу курсында болған, туристерге арнайы экскурсиялар ұйымдастырған.Қазіргі уақытта Аустралияның Сыртқы істер министрлігі аталған жайтқа қатысты КХДР билігінен түсініктеме талап етіп отыр.
2016 жылы Солтүстік Кореядағы қонақ үйлердің бірінде көсем бейнеленген үгіт плакатын жыртқан америкалық студент Отто Уормбир тұтқындалған еді. Вирджиния университетінің 22 жастағы студентіне 15 жыл мәжбүрлі еңбекке жегілу жазасы кесілген. Уормбирдің соты 2016 жылы наурызда өтіп, бір-ақ сағатқа созылған. Солтүстік Кореядағы Швеция дипломаттарына Уормбирмен кездесуге рұқсат етпеген. Уашингтонның Солтүстік Кореямен тікелей дипломатиялық байланысы жоқ болғандықтан бұл елде АҚШ мүддесін Швеция жүзеге асырады. АҚШ ақпарат құралдары бұған дейін студенттің науқас екенін жазған.
Отто Уормбир ата-анасының мәлімдемесінде «Солтүстік Корея режимінің бізді және ұлымызды қалай қорлағаны туралы бүкіл әлемнің хабардар болғанын қалаймыз» делінген. Уашингтон Солтүстік Кореяны Уормбирді саяси тұтқын ретінде пайдаланды деп айыптап, оған кесілген жазаны жасаған қылмысына сай емес деп сынға алған болатын.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі