Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай кезекті мәрте екі баллистикалық зымыран ұшырды. Олардың біреуі күншығыс елінің Симанэ прфектурасына қарасты экономикалық аймағына түскен.
Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сынақ барысында ешқандай кеме жапа шекпеген. Бұған қатысты Оңтүстік Корея тарабы зымырандардың Вонсан портына жақын жерден атылғанын мәлімдеді.
Кеше Уашингтон мен Пиоңяң Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша келіссөзді қайта бастайтынын хабарлады. Былтыр қарашада АҚШ Солтүстік Кореядан жасырын зымыран базаларын тапқан. Сол уақытта он үш баллистикалық зымыран базаларының таулы аймақтарда орналасқандығы белгілі болып, оларды іске қосатын қондырғылар анықталмаған.
Айта кетейік, КХДР осыған дейін мамыр, шілде және тамызда сынақ жүргізіп, Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыран ұшырған болатын. Тамыздың өзінде Пиоңяң 5 сынақты жүзеге асырған. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті