Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды.
Сайлау учаскелері елорда уақытымен таңғы сағат 7-00-де ашылып, кешкі сағат 20-00-ге дейін жұмыс істейді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстан бойынша 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Ал ел аумағынан тыс 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған.
СІМ дерегінше, ең алғаш болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берген. Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, қазіргі таңда шет елде 13 мың қазақ азаматы жүр.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында президент сайлаулары 1991,1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың екеуі ғана мерзімінде өткен. Қалғандарының барлығы кезектен тыс болған. Бұған дейін өткен бес сайлаудың бесеуінде де Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жатқан.